Трансляции


1 күн

ЗАЛ 1
  • 10:00-11:40 Салтанатты ашылуы Пленарлық отырыс
  • 12:00-13:30 «Гепатопанкреато- билиарлық хирургия және бауыр транспланциясы» секциясы
  • 14:30-17:30 «Гепатопанкреато- билиарлық хирургия және бауыр транспланциясы» секциясы
ЗАЛ 2
  • 12:00-13:30 «Асқазан-ішек жолы және эндокриндік ағзалар хирургиясы» секциясы
  • 14:30-18:15 «Асқазан-ішек жолы және эндокриндік ағзалар хирургиясы» секциясы
ЗАЛ 3
  • 12:00-13:30 «Кардиохирургия» секциясы
  • 14:30-18:45 «Кардиохирургия» секциясы
ЗАЛ 4
  • 12:00-13:30 «Интервенциялық аритмология» секциясы
  • 14:30-19:00 «Рентгенэндоваскулярлық хирургия және интервенциялық кардиология» секциясы

2 күн

ЗАЛ 1
  • 09:00-13:00 «Гепатопанкреато- билиарлық хирургия» секциясы
  • 14:00-19:00 «Торакалды және балалар хирургиясы» секциясы
ЗАЛ 2
  • 09:00-13:25 «Анестезиология және қарқынды терапия» секциясы
  • 14:00-16:00 Постерлік секция
ЗАЛ 3
  • 09:00-13:00 «Қантамырлар хирургиясы» секциясы
  • 14:00-15:30 «Қантамырлар хирургиясы» секциясы
  • 16:00-18:00 «Микрохирургия» секциясы
ЗАЛ 4
  • 09:00-13:00 «Урология және бүйрек трансплантациясы» секциясы
  • 14:00-16:30 «Урология және бүйрек трансплантациясы» секциясы

Құрметті әріптестер!


Ұйымдастыру комитетінің атынан А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының құрылғанына 75 жыл толуына арналған «Хирургия: кеше, бүгін, ертең» атты халықаралық қатысумен өтетін Қазақстан хирургтарының VII Конгресінің барлық қатысушыларын құттықтаймын.

Коронавирус пандемиясына байланысты біздің қалыпты өміріміз түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Осы жылы біз Конгресті тікелей көрсетілім режимінде өткіземіз. Ұйымдастыру комитеті Конгрестің форматын сақтап қалды: екі күн бойы бір мезетте төрт виртуалды зал жұмыс істейтін болады.

Конгрестің бағдарламасы әлемдегі медицина ғылымының маңызды жетістіктеріне, хирургиялық ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу жөніндегі жаңа бағыттарға арналған және Азия, Еуропа мен Америка елдерінің жетекші шетелдік клиникаларымен тәжірибе алмасуға, кардио- және интервенциялық хирургия, қантамырлар хирургиясы, торако-абдоминалды хирургия, микро- және пластикалық хирургия, хирургиядағы анестезиология және қарқынды терапия секілді күрделі салалар бойынша білім деңгейін жетілдіруге бағытталған. Трансплантологияны дамыту мәселелері мен осы саладағы жетістіктерге ерекше назар аударылатын болады.

Конгрестің шеңберінде жас ғалымдардың постерлік секциясы өткізіледі, бұл біздің жас әріптестеріміздің келешектегі ауқымды әлеуетін анықтауға мүмкіндік береді.

Бірінші кезекте ғылыми жетістіктер саласындағы өзекті ақпаратпен алмаса отырып, хирургиялық бейінді жас мамандар мен дәрігерлерге практикалық тәжірибе беру арқылы Конгрестің қатысушылары отандық хирургия қызметінің дамуына қомақты үлес қосады, ал ұсынылған кеңестер практикалық қызметте өз қолданыс орнын табады деп сенемін.

«А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО» АҚ Басқарма төрағасы
м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі
Б.Б. Баймаханов

Конгрестің ұйымдастырушылары:


Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

«А.Н. Сызғанов ат. Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ

КОНГРЕСТІҢ ҒЫЛЫМИ БАҒДАРЛАМАСЫ:


  • Кардиохирургия және ангиохирургия жөніндегі көкейкесті сұрақтар.
  • Интервенциялық кардиологиядағы, аритмологиядағы және рентгенэндоваскулярлық хирургиядағы диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері.
  • Хирургиялық гепатологиядағы және панкреатологиядағы жаңалықтар.
  • Тірі туыстық донордан бауырды трансплантациялаудың нәтижелері.
  • Торакалдық және балалар хирургиясындағы ғылыми-дәлелденген технологиялар.
  • Асқазан-ішек жолының органдарындағы шағын инвазивті операциялар.
  • Эндокриндік органдардың хирургиясы.
  • Урологияның және бүйрек трансплантациясының көкейкесті сұрақтары.
  • Реконструктивтік-пластикалық микрохирургияның заманауи аспектілері.
  • Хирургиядағы анестезиология және реаниматология.
  • Жас ғалымдар секциясы (35 жасқа дейін): «Хирургияның көкейкесті мәселелері».

Конгрестің барысында хирургияның көкейкесті сұрақтары бойынша жетекші мамандардың лекциялары, сателлиттік симпозиумдарды, бейнесессияларды өткізу, стендтік баяндамалармен таныстыру және оларды талқылау (А форматы) (120х90 см) жоспарлануда.

Конгрестің материалдары «Қазақстан хирургиясының хабаршысы» журналының арнайы шығарылымында жарияланатын болады.

Тіркеу формасы


Құпиялылық саясаты

Міндеттеме
«Хирургия: кеше, бүгін, ертең» халықаралық қатысуы бар Қазақстан хирургтарының VII Конгресіне қатысушылардың дербес деректерін жарияламау туралы
2021 жылғы «28» маусым

«Хирургия: кеше, бүгін, ертең» халықаралық қатысуы бар Қазақстан хирургтарының VII конгресінің Ұйымдастыру комитеті ақпарат жинау кезінде форумға қатысушылардың дербес деректеріне (бұдан әрі-Комитет) жіберілетіні туралы хабардар етті және өзіне мынадай міндеттерді қабылдайды:

  • дербес деректерді қорғауды және қатысушылардың дербес деректерінің құпиялылығын регламенттейтін Комитеттің жергілікті актілерінің талаптарын орындау;
  • қатысушылардың дербес деректеріне рұқсаты жоқ бөгде адамдар Комитеттен олардың дербес деректері, олардың жоғалғаны немесе санкцияланбаған өңделгені туралы құпия ақпарат алуға әрекеттенген жағдайда, бұл туралы Комитет Президентіне хабарлауға міндетті.

Сіз біздің құпиялылық саясатымызбен келіскеніңізді растаңыз

Сайтқа өзге құралдардан кірген жағдайда қайта тіркелуіңізді сұраймыз!

ПОСТЕРЛІК СЕКЦИЯ


Постерлік секцияның рецензенттері: проф. Баймаханов Б.Б., проф. Жураев Ш.Ш., проф. Миербеков Е.М., проф. Сейсембаев М.А. (Қазақстан)
  1. Қанатов К. (Алматы, Қазақстан) «Кардия ахалазиясын хирургиялық жолмен емдеу»
  2. Орынбасар Н.О. (Алматы, Қазақстан) «Гастроэзофагеалды рефлюкстік ауруды хирургиялық жолмен емдеу»
  3. Ахмет Д.Д. (Алматы, Қазақстан) «Шап жарығы пластикаларының лапароскопиялық және дәстүрлі әдістері нәтижелерін салыстырмалы түрде талдау»
  4. Мукажанов Д. (Алматы, Қазақстан) «Бауыр эхинококкозын емдеудегі лапароскопиялық перицистэктомия тәжірибесі»
  5. Абжамиев Е. (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) «Жіті деструктивті панкреатиттің асқынуын емдеудегі жаңалықтар»
  6. Шакеева А.Р. (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) «Сәбилердегі окклюзиялы
    постгеморрагиялық гидроцефалияны диагностикалаудың және емдеудің жетілдірілген миниинвазивті әдісі»
  7. Айтмолдин Б.А. (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) «Долихосигма кезінде колостазды хирургиялық емдеудің миниинвазивті әдісі»
  8. Исматов А.У. (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) «Іріңді-септикалық жараларды кешенді емдеудегі феталды гепатоциттердің жасушалық медиаторларын қолдану»
  9. Аксарин А.К. (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) «Жіті жайылған перитонитті емдеудегі санациялық релапаротомиялар»
  10. Огизбаева А.В. (Қарағанды, Қазақстан) «Колоректалды қатерлі ісігі бойынша ота жасалған науқастардағы пресепсиннің (sCD14) динамикасы»
  11. Тайманұлы О., Анартаев С.М. (Алматы, Қазақстан) «Өкпе артериясының жіті тромбоэмболиясы кезіндегі тромбэкстракцияның артықшылықтары»
  12. Кошкинбаев Ж.Б. (Алматы, Қазақстан) «Өкпе көктамырларын ішінара аномалды дренаждарын хирургиялық емдеу нәтижелерін талдау»
  13. Ауталипов Д.Х. (Нур-Султан, Казахстан) «Балалардағы көмей гемангиомасын емдеуде СО2 лазерін қолданудағы біздің тәжірибеміз»
  14. Нагасбеков М.С. (Алматы, Қазақстан) «Бауыр эхинококкозын емдеу әдістерін салыстырмалы талдау»

Серіктестер


Бас серіктестер

Алтын серіктестер

Күміс серіктестер

Серіктестер

Ақпараттық серіктес

А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО АҚ тарихы


«А.Н. Сызғанов ат. Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ
video
video
video
video
video
video
video
video
video